ӨЛКЕТАНУ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Өлкетану» жобасы бойынша Талас ауданына шолуды ұсынады.
Талас ауданы – Жамбыл облысының оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы 12,2 мың км². Аудан орталығы – Қаратау қаласы Тараздан солтүстік — батысқа қарай 105 км жерде орналасқан.

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Өлкетану» жобасы бойынша Сарысу ауданына шолуды ұсынады.
Сарысу ауданы — Жамбыл облысының батысындағы әкімшілік бөлік. Жер аумағы — 31,3 мың км². Аудан орталығы – Жаңатас қаласы. Сарысу ауданы 1928 жылы 3 қыркүйекте Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің «Қазақстанда көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы аудандарды белгілеу туралы» қаулысына сәйкес құрылған.
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Өлкетану» жобасы бойынша Тұрар Рысқұлов ауданына шолуды ұсынады.
Тұрар Рысқұлов ауданы — Жамбыл облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1938 жылы Луговой ауданы болып құрылған. 1999 жылдан қазіргі атымен аталады. Жер аумағы 10,5 мың км². Аудан орталығы – Құлан ауылы.

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Өлкетану» жобасы бойынша Мойынқұм ауданына шолуды ұсынады. Мойынқұм ауданы – Жамбыл облысының солтүстік шығыс бөлігіндегі әкімшілік бөлік. Жер аумағы 50,4 мың км². Батыстан шығысқа қарай 330 км, ал оңтүстіктен солтүстікке қарай 275 км-ге созылып жатыр. 1964 жылы 31-ші желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиумының Қаулысына байланысты, бұрынғы Көктерек ауданының аумағында қазіргі Мойынқұм ауданы құрылды.

 


Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Өлкетану» жобасы бойынша Меркі ауданына шолуды ұсынады. Меркі ауданы — Жамбыл облысының оңтүстігіндегі әкімшілік бөлініс. 1928 жылы 26 қазанда құрылған. Ауданның аумағы 7,1 мың км². Аудан орталығы – Меркі ауылы. Қазақстан Республикасының оңтүстік шығысында, Алатаудың бөктерінде орналасқан.


Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Өлкетану» жобасы бойынша Қордай ауданына шолуды ұсынады. Қордай ауданы — Жамбыл облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілк бөлініс. Алғашында Алматы округінің құрамында, кейіннен 1939 жылы Жамбыл облысына қосылды. Аумағы 8,9 мың км². Орталығы – Қордай ауылы.

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Өлкетану» жобасы бойынша Жуалы ауданына шолуды ұсынады.
Ауданда білім бөліміне қарасты 62 білім мекемесі жұмыс істейді: 46 жалпы білім беретін мектеп (30 орта, 7 негізгі, 9 бастауыш),13 балабақша, 1 өнер мектебі,1 саз мектебі, 1 сырттай оқыту мектебі бар.
Жалпы аудан мектептерінде 1502 ұстаз оқушыларға білім мен тәрбие беруде. Ауданда 2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар.

 

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Өлкетану» жобасы бойынша Жамбыл ауданына шолуды ұсынады. Жамбыл ауданы — Жамбыл облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 4,3 мың км². Аудан орталығы – Аса ауылы. Аудан жері таулы (Қаратау мен Қырғыз Алатауының түйіскен жері), қыратты (орт.), солтүстікке қарай жазық келеді. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық.

 


 

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Өлкетану» жобасы бойынша Жамбыл облысының әкімшілік бөлінісі. Байзақ ауданына шолуды ұсынады. Облыс аумағында 10 аудан, облыстық мәндегі Тараз қаласы және аудандық мәндегі Қаратау, Жаңатас, Шу сияқты үш қала, 367 елді мекен бар. Байзақ ауданы — Жамбыл облысының оңтүстігіндегі әкімшілік аудан. 1938 ж. құрылған. 1996 жылға дейін Свердлов ауданы болып аталды. Жерінің аумағы 4,5 мың км². Аудандағы 43 елді мекен, 17 ауылдық әкімшілік округтеріне біріктірілген. Орталығы – Сарыкемер ауылы.


«Брайль шрифті бойынша оқу – тәуелсіз ақпараттық байыту» челенджі.

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасына Павлодар облыстық көзі көрметін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы жолдаған «Брайль шрифті бойынша оқу – тәуелсіз ақпараттық байыту» атты челленджін қабыл алып, Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасына жолдайды.

 


 

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы оқырмандарды өлкеміздің тарихымен, әлеуметтік экономикалық жағдайымен, табиғат ресурстары мен өлкенің мәдениетімен толық таныстыру мақсатында ұйымдастырған «Өлкетану» айдары аясында Жамбыл облысының табиғат ресурстарына шолуды ұсынады.


«Біз тұратын өлке»

2020 жылдың 21 қыркүйек пен 25 қараша аралығында Павлодар облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың 50 жылдығына, Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы туралы көру қабілеті мәселесі бар азаматтарға қолжетімді форматтағы ең толық, мазмұнды басылым үшін, Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысының, мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы» КММ «Біз тұратын өлке» атты Республикалық байқау жариялаған болатын.

Байқауға Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы туған өлкеміздің тарихынан шыр ертетін туған өлкеміз Тараздың тарихы туралы бейнеролик назарларыңызға…