ҚАР КӨШКІНІ КЕЗІНДЕ ӨЗІН-ӨЗІ ҚҰТҚАРУ ЖОЛДАРЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы зағип оқырмандарға қар көшкінінің пайда болуына әсер ететін маңызды факторлар туралы мәліметтер беру мақсатында «Қауіпсіздікті сақтайық!» жобасы аясында «Қар көшкіні кезінде өзін-өзі құтқару жолдары» алғашқы жәрдем тақырыбындағы жиын «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмышыларымен өткізілді.
Жиын барысында ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ «Жамбыл аумақтық пайдалану басқармасы» филиалының Төтенше жағдайлардың алдын алу және қорғаныш құрылыштарын пайдалану тобының бас инженері Суликов Қасым Келсінбекұлы қар және мұз көшкіні ошақтарының саны мен ауданын, көшкін кезеңінің басталуы мен аяқталу уақытын оқырмандарға кеңінен айтып түсіндірді.
Жиын соңында қар көшкіні қаупі мен тау беткейлеріндегі қар және мұздықтардың қозғалуы, қардың жылдам төмен қарай сырғуы мен жасанды көшкінді түсіру тәсілдері жайында кеңінен насихаттап, «Қар көшкіні» атты бейнеролик көрсетіліп, оқырмандар өзара пікір алмасып, түрлі сұрақтарын қойып «қар көшкіні жайлы ережелер» атты арнайы буклеттер таратылды. Сонымен қатар, арнайы кітапхана ұжына алғыстарын білдірді.