ҚАУІП ПЕН САҚТЫҚ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы облысымызда бірінші рет мүмкіндігі шектеулі жандарды қауіп төнген жағдайда жылдам әрекет етуге, өзін-өзі дұрыс ұстауды төтенше жағдай кезінде қандай мекемеге дереу хабар беру керек екендігін үйрету мақсатында, «Қауіпсіздікті сақтайық» жобасы аясында «Қауіп пен сақтық» тақырыбында облыстық өрт сөндіруші мамандарымен кездесу өткізді.
Іс-шараға Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіруші бас маманы Смайылов Арман Нұрланбекұлы мен офицері Келіс Данияр Жанатұлы қатысты.
Алғашқы сөз кезегін алған Арман Нұрланбекұлы оқырмандарға жалпы табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға тоқталса, Данияр Жанатұлы үй жағдайында өрт шығып кетсе көзі көрмейтін жан ең бірінші қандай іс-әрекеттер қолдану керектігін айтты. Сондай-ақ, кеш қонақтарына Қазақ Соқырлар Қоғамының мүшелері, кітапхананың тұрақты оқырмандары Ақпаев Нұрсұлтан «Өрт сөндіру құралдарын атап берсеңіз?», Истаев Бақтияр «Өрт болған жағдайда сигнал беру қоңырауы зағип жандарға қолайлы жасалған ба? және оны қалай тауып баруына болады?», Атакөзиев Ермек «Төтенше жағдай кезінде көмекке мұқтаж болған мүмкіндігі шектеулі жандар көп кездесе ма?» — деген сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар ала білді.
Іс-шара соңында оқырмандар ұсыныстарын жеткізіп, қауіпсіздік ережесін сақтау жолдарын көрсетіп үйреткендеріне ризашылығын білдірсе, кеш қонақтары алдағы уақытта өрт жалыны болмасын,-деп ізгі тілектерін білдірді.