БАЛАЛАРДЫҢ ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІ!

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы оқушыларға қауіпсіздіктің маңызды екені жайлы тереңінен ақпарат бере отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қауіп төнген жағдайда жылдам әрекет етуге, өзін-өзі ұстауды төтенше жағдай кезінде қандай мекемеге дереу хабар беру керек екендігін үйрету мақсатында Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Алмабек Қайратпен, Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Тогызакова Айгерім оқырмандарға «Қауіпсіздікті сақтайық» жобасы аясында «Балалардың өмір қауіпсіздігі!» атты ескерту сабағы өтті.
Сабаққа Зағип және нашар көретін балаларға арналған «Болашақ» мектеп-интернаты оқушылары және №10 орта мектеп оқушылары қатысты. Сабақ барысында оқушыларды қоғамға қалай бейімделу керек екендігі жайында кеңес беріп, өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, мейлінше жәрдем көрсету жайында кеңінен насихаттай отырып, көптеген болған оқиғалар жайлы тереңінен мәліметтер берілді.
Сабақ соңында Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Алмабек Қайратпен, Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Тогызакова Айгерім өзінің оқу практикасы кезіндегі түрлі оқиғаларымен ондағы көмекке мұқтаж адамдарға дағдарыстан қалай шығуы жайында әңгіме жүргізіп, оқушылардың көкейіндегі түрлі сұрақтары қойылып, оған тұщымды жауаптар берді.