«МАССАЖҒА ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША АҚПАРАТ АЛДЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы зағип оқырмандарға денсаулықтарын түзету үшін массаждың пайдасы мен зияны жайлы мәлімет бере отырып, мүмкіндігі шектеулі білімгерлердің оқу орнындағы үйге берілген тапсырмаларын бірге орындау арқылы көмектесу, оқу бағдарламасына сай келетін денсаулыққа қатысты оқулықтарды дауыстап оқу мақсатында кітапхананың тұрақты оқырманы, Жамбыл жоғары медециналық колледжінің ІІ курс білімгері Қуанышбай Бағлан Жарылқасынқызымен «Үй жұмысы» жобасы аясында ұйымдастырылған  атты үй тапсырмасы өткізілді.

Сабақ барысында Бағлан Жарылқасынқызына үй жұмысына «Массажға қарсы көрсетілім» тақырыбы бойынша түрлі тиімді ақпараттар беріліп, әрі оқырманға сабақ толықтай түсіндіріліп, өзіне керекті ақпараттарын алып кітапханашыға массаждың қандай түрлері бар? екені туралы сұрақтарын қойып, нақты жауабын ала алды. Шара соңында арнайы кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдіріп, өз жұмысының жеңілдегенін айтып қуанды.