ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай облыс тұрғындары арасында ақын шығармашылығын насихаттау, жастарды кітап оқуға шақыру мақсатында «Жыр алыбы – Жамбыл» облыстық байқауын ұйымдастырды.

Байқау барысында 45 -ке жуық жұмыс сараланып, қазылардың шешімімен жүлдегерлер анықталды. Байқау қорытындысында «Болашақ» мектебінің оқушысы Айзере Байбосын мен №47 мектептің оқушысы Оралбек Бекболат I орынды иеленсе, Мойынқұм ауданынан қатысқан Шархат Байбөбек, №10 мектептің оқушысы Әлібек Сейдазіім, Талас ауданы Майтөбе айылынан бақ сынаған Дархан Матвай II орнды қаншығасына байланды. Жүлделі III орын Жуалы ауданынан қатысқан Еламан Салауатқа, Жамбыл медициналық колледжінің студенті Мейірман Қуанышбайға, №5 мектептің оқушысы Әдия Әлімханға бұйырды. Сондай-ақ ынталандыру сыйлықтарын Ибрахим Суров, Мария Нисанова, Мөлдір Тұрсынбаева, Мөлдір Кеңес иеленді. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен, диплом және алғыс хаттармен марапатталды.

Балым Өскенбай Облыстық байқау мәресіне жетті

[Мәтін] Б. Өскенбай // Ақ жол — 2021 — 4 наурыз. №25 — 8 б.