ӨЗІҢ ОҚЫ, ӨЗГЕНІ ШАҚЫР

 «Өзің оқы, өзгені шақыр» атты топтық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар  кітапханасы мен  облыстық  «Aq Jol» газеті  «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын негізге алып, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  «Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021» жалпыұлттық акциясын жүзеге асыру, оқу мәдениетін дамыту және қолдау, отбасылық оқу үлгісін қалыптастыру, әдебиеттерді насихаттау мақсатында 2021 жылы  қараша айында «Өзің оқы, өзгені шақыр» атты топтық байқау  өткізеді.

Байқауға облыстың барлық тұрғындары қатыса алады. Мүмкіндігі шектеулі жандар да қатысады.

Байқаудың мақсаты мен міндеті

  • Кітапханаға оқырмандарды тарту және оқуды насихаттау;
  • Еліміздің барлық тұрғындарының күш-жігерін қазақстандық оқырман ұрпақты тәрбиелеуге шақыру;
  • Оқу сауаттылығын арттыру, заманауи қоғамдағы табысты, бәсекеге қабілетті және заманауи қоғамда өзара іс-қимыл жасай білетін тұлғаны қалыптастыру;
  • Ең үздік қазақ, шетел жазушыларының шығармаларын насихаттау;
  • Классикалық, заманауи әдебиетке деген сүйіспеншілікті ояту;
  • Оқу мәдениетін қалыптастырып, кітап оқудың жеке бастың әл-ауқатына, денсаулығына, әлеуметтік және экономикалық нәтижелеріне оң әсер ететінін анықтау;

Байқауды өткізу тәртібі мен шарттары

  • Байқауға облыс көлеміндегі барлық оқырмандар қатыса алады.
  • Қатысушылардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды;
  • Байқауға қатысушы топ 3(үш)оқырманнан құралуы керек, олар отбасы немесе достар, ағайындар, тағы басқа сатыларға бөліне береді.
  • Байқауға ұсынылатын кітаптарды әділ қазылар алқасы таңдайды;
  • Әділқазылар құрамына зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар кіреді.
  • Байқау шарттары БАҚ-да,  (Instagram.facebook) әлеуметтік желілер арқылы жарияланады;
  • Байқауға қатысушы топ ұсынылған 120 (жүз жиырма ) кітаптың 40-н (қырық) оқуы шарт;
  • Мүмкіндігі шектеулі, зағип оқырмандар тобына 120 кітаптың 15-ін оқу қажет;

Байқау 3 кезең бойынша өтеді:

  • 1 кезең – Сәуір айы облыс тұрғындары арасында хабарландыру жүргізу; Қатысушылардың тізімін жасақтау.
  • 2 кезең – Мамыр, маусым айлары іріктеу, нақты қатысушылардың санын білу.
  • 3 кезең – Қазан айының аяғында нақты жеңімпаздар анықталады.
  • Байқаудың ең белсенді тобы (І, ІІ, ІІІ орын) және ынталандыру тобы анықталады.
  • Қорытындысы бойынша арнайы жұмыс тобы марапаттау жүргізіп, сайттарда әлеуметтік желілерде және облыстық БАҚ-да жариялайы.

 Бағалау критерийлері:

 * Адамгершілікті,парасаттылықты насихаттайтын, ойлау қабілетін ұштайтын әдебиеттер таңдалынып алынады;

—    Қатысушылар  облыс тұрғындарын кітап оқуға шақыру мақсатында оқыған кітаптары жайлы әлеуметтік желілерге (фейсбук, инстаграм) арнайы кітапхана, өзің оқы, өзгені шақыр, ақ жол хэштегімен  кітаптарының суреттерін, қатысушы топтың кітап оқу кезіндегі сурет, видеоларын  жариялап тұруы тиіс.

— Қорытынды кезеңінде қатысушылар (топ күйінде)  оқыған кітаптарының мазмұны бойынша арнайы дайындалған сұрақтарға жауап береді, топ басшысы таңдалып алынған кітаптардың барлығын оқуға тиіс.

Марапаттау

  • Қатысушылар марапатталады;
  • Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталады.

 

«Өзің оқы, өзгені шақыр» облыстық байқауына таңдалып алынған кітаптар тізімі

  1. Абай Құнанбайұлының қара сөздері
  2. Мұхтар Әуезов. «Қорғансыздың күні»
  3. Мұхтар Әуезов «Қилы заман» повесі.
  4. Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер»
  5. Ілияс Есенберлин. «Ғашықтар»
  6. Оралхан Бөкей «Ұйқым келмейді»
  7. Оралхан Бөкей «Кербұғы»
  8. Әбіш Кекілбаев «Үркер»
  9. Сәбит Мұқанов «Өмір мектебі» ІІІ том
  10. Рахымжан Отарбаев «Дауысыңды естідім»
  11. Қабдеш Жұмаділов  «Тағдыр»
  12. Қабдеш Жұмаділов «Соңғы көш»
  13. Дулат Исабеков «Қарғын»
  14. Смағұл Елубай «Ақбоз үй»
  15. Мұхтар Мағауин «Көк мұнар»
  16. Мұхтар Мағауин «Сары қазақ»
  17. Мархабат Байғұт«Интернаттың баласы»
  18. Мархабат Байғұт «Оқу залы»
  19. Бексұлтан Нұржеке «Бір өкініш, бір үміт»
  20. Бексұлтан Нұржеке «Бейтаныс әйелдің құпиясы»
  21. Тобық Жармағамбетов «Отамалы»
  22. Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр»
  23. Дәурен Қуат «Бөрісоқпақ»
  24. Тұрысбек Сәукетай «Желқайық»
  25. Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
  26. Б.Соқпақбаев «Гауһар»
  27. Д. Матайқызы «Айналайындарым менің»
  28. Тынымбай Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі»
  29. Тынымбай Нұрмағамбетов «Қарлығаштың ұясы»
  30. Толымбек Әбдірайым «Алабұға аулаған күн» (Хикаят, әңгімелер, ертегілер, мысалдар)
  31. Бейбіт Қойшыбаев «Өрімтал» (Хикаяттар)
  32. Тахауи Ахтанов «Қаһарлы күндер»
  33. Сәкен Жүнісов «Ақан сері» (Роман)
  34. Қалихан Ысқақ «Қоңыр күз еді»
  35. Әбдіжәміл Нұрпейісов «Қан мен тер»
  36. Ақан Нұрманов «Құланның ажалы»
  37. Ақселеу Сейдімбек «Аққыз»
  38. Төлен Әбдікұлы «Оң қол»
  39. Төлен Әбдікұлы «Парасат майданы»
  40. Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне»
  41. Жүсіпбек Қорғасбек «Жетімнің елімен қоштасуы»
  42. Қасым Қайсенов «Партизан соқпақтары»
  43. Оралхан Дәуіт «Ақ самаурын»
  44. Қанат Әбілқайыр «Текес теріс ағады»
  45. Асқар Алтай «Алтай новелласы»
  46. Нұрғали Ораз «Аяқталмаған ертегі»
  47. Бақытгүл Сәрмекова «Кейіпкер» (проза)
  48. Аягүл Мантай «Жүрекке оралу» (проза)
  49. Торғын Жолдасбек «Кеш қалма»
  50. Бейбіт Сарыбай «Рауғаш ерте гүлдеді»
  51. Мәди Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас».
  52. Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу».
  53. Шерхан Мұртаза. «Қызыл жебе»
  54. Шерхан Мұртаза «Тамұқ»
  55. Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша
  56. Шерхан Мұртаза «Белгісіз солдаттың баласы»
  57. Шерхан Мұртаза «Мылтықсыз майдан»
  58. Шерхан Мұртаза «41-жылғы келіншек»
  59. Шерхан Мұртаза «Интернат наны»
  60. Шерхан Мұртаза «Қара маржан»
  61. Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»
  62. Бауыржан Момышұлы «Майдан»
  63. Несіпбек Дәутайұлы «Құдірет пен Қасірет»
  64. Несіпбек Дәутайұлы «Көгілдір көйлекті келіншек»
  65. Несіпбек Дәутайұлы «Ақ көгершін»,
  66. Несіпбек Дәутайұлы «Алма ағашының бұтағы»
  67. Несіпбек Дәутайұлы «Аты жоқ әңгіме»
  68. Несіпбек Дәутайұлы «Кісі иесі»
  69. Әлдихан Қалдыбай «Автобус аялдамасы»
  70. Әлдихан Қалдыбай «Мен – апамның баласымын»
  71. Елен Әлімжан«Оралу»
  72. Әкім Тарази (Әкім Ұртайұлы Әшімов) «Шер»
  73. Әкім Тарази (Әкім Ұртайұлы Әшімов)  «Махаббат жыры»
  74. З. Ахметова «Бабалар аманаты»
  75. З. Ахметова «Шуақты күндер»
  76. Болат Бекжанов Шымылдықтың арғы жағы»
  77. Мақұлбек Рысдаулет «Жүлдыздардың жарығы»
  78. Көсемәлі Сәттібай «Аран»
  79. Шыңғыс Айтматов. « Ақ кеме» (Повестер)
  80. Шыңғыс Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн»
  81. Габриель Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық»
  82. Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір»
  83. Андре Моруа «Бальзак»
  84. Агата Кристи «Ғайып болған миллион»
  85. Халид Хусейн «Жарқыраған мың күн»
  86. Ж.К. Роулинг «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме»
  87. Орхан Памук «Менің атым – Қырмызы»
  88. Гузель Яхина «Зулейха открывает глаза»
  89. Э. Мэтьюз. «Оңай өмір сүр!»
  90. Жан Монне «Реальность и политика»
  91. Наом Хомский «Создавая будущее»
  92. Лев Толстойдың шығармалары
  93. Антон Чеховтың әңгімелері
  94. Гоголь «Петербург повестері»
  95. Иван Тургенев «Әкелер мен балалар»
  96. А.С.Пушкин «Капитанская дочка»
  97. Толстой Қапқаз әңгімелері»
  98. Стендаль «Парм монастірі»
  99. Бальзак  «Адамзат комедиясы»
  100. Пастернак «Доктор Живаго»
  101. Кобо Абэ «Құмдағы әйел»
  102. Стефан Цвейг «Бальзак»
  103. Франц Кафка «Қамал»
  104. Томас Манн «Будденброктар»
  105. Бёлль Генрих «Сайқымазақ көзімен»
  106. Р. Киплинг «Маугли»
  107. У.Шекспир «Ромео мен Джульетта»
  108. Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз»
  109. Стивен Джонсон «Жақсы идеялар қайдан алынады»
  110. Джек Лондон «Тектік сарын»
  111. Марк Твен «Принц и нищий»
  112. Марк Твен «Дневник Евы»
  113. Александр Дюма «Үш ноян»
  114. Пауло Коэльо «Алхимик»
  115. Вальтер Скотт «Айвенго»
  116. Братья Стругацские «Пикник на обочине»
  117. Мартин Хайдеггер «Разговор на проселочной дороге»
  118. Артур Конан Дойл. «Шерлок Холмс»
  119. Данте (Да́нте Алигье́ри) «Құдіретті комедия»
  120. Гете «Жас Вертердің жан азабы»

Өзің оқы өзгені шақыр [Мәтін] Ақ жол — 2021 27 сәуір. — №45 — 7 б.