«ҒАЖАЙЫП КЕРАМИКА» ТАҚЫРЫБАНДА ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Көркемсурет» галереясында «Тифло-музей» жобасы аясында «Ғажайып керамика» тақырыбында №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушыларына Назарбаев зияткерлік мектебінің “Art Lab” үйірмесінің жетекшісі Губашева Индира Рахымқызы шәкірттерімен саз балшықтан шеберлік сағатын өтті.
Шеберлік сағат барысында зағип оқушыларға қол маторикасын дамыту мақсатында әртүрлі жануарлар кейіпінде композициялық туындыларды қалай жасау жолдарын үйретті. Сондай-ақ зағип балалардың шығармашылық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, бейнелеу қолөнерінің қыр-сырын үйренуге мүмкіндік алды.
Шара соңында кітапхана қызметкері Art Lab” үйірмесінің жетекшісі мен шәкірттеріне алғыстарын білдіріп, өзара пікірлесіп, ризашылықтарын білдірді.

