Инклюзивті 4 форматты кітаптар жарық көрді

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы   әлсіз көретін балалар мен жасөспірімдерге арналған  инклюзивті 4 форматты кітаптарды жарыққа шығаруды жалғастыруда. Инклюзивті 4 форматты кітап атап айтқанда, үлкейтілген жайпақ баспалы қаріпте, бедерлі-нүктелі Брайль қарпінде, бедерлі графикалық (тактильді) суреттермен және дыбыстандырылған аудио нұсқада ұсынылады.2026 жылы осы форматта «Бір уыс мақта», «Аққу, шортан һәм шаян», «Торғай мен адам», «Бақша ағаштары», «Әке мен бала», «Әкесі мен балалары», «Атасы мен немересі», «Са-уыс-қан, Қуа түлкі, Қолтырауын» кітаптары басылып шықты.  Бұл – зағип балалардың өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне жол ашатын маңызды қадам. Бұл форматтағы кітаптар әлсіз көретін балалардың әдеби шығармаларды қоғамнан тыс қалмай оқып, тыңдап, сезінуіне мүмкіндік беріп, инклюзивті қоғам қалыптастыруға нақты үлес қосуда.