Көзқарас

Асқаров, А.

Асанбай Асқаров (1922–2001) Алматы, Жамбыл, Шымкент облыстарын басқарған, ширек ғасыр бойы басшылық қызметте болған, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, Алматы, Шымкент қалаларының осы заманғы шаһар деңгейіне көтеріліп, көркеюіне зор үлес қосты. Ол ірі табыстарға қол жеткізді, сонымен қатар қайта құру кезеңінде орталықтың озбырлық саясатының құрбаны да болды. Шың мен шыңыраудың не екенін жанымен де, тәнімен де сезді. Асқаров өзі басшылық қызметте болған жылдарда кездескен саяси қайраткерлерге, басшыларға саяси баға береді, қоғамымыздың даму процестеріне өз көзқарасы тұрғысынан талдау жасайды. Қайраткердің туған ұлтының болашағына деген адал да ақжарқын перзенттік мақсаттары оқырманды бейжай қалдырмайды.