Киік сезім

Айтхожа, М.

Қазақтың жыр аққуы атанған ақын қызы Марфуға Ғалиқызы Айтхожина ұлт әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар сыршыл ақын. Көрнекті ақын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекет- тік сыйлықтың иегері. Алғашқы өлеңдер жинағы «Балқұрақ» деген атпен 1962 жылы жарияланады. Кейіннен әр жылдары «Шыңдағы жазу», «Жастық шақ», «Аққуым менің», «Қаракөз айым», «Баянжүрек», «Көзімнің қарасы», «Ақ бесігім», «Жарқыра, менің жұлдызым», «Қыран жеткен», «Таңдамалы», «Сағыныш сазы», «Жапырақ сілкінген кеш», «Аңсау», «Аққу журек, орыс тілінде «Утверждение», «Голубые голуби», «Струна степей», «Горсть земли», «Украшение коня», «Летние росы» өлеңдер жинақтары жарық көрді. Ал бірқатар шығармалары болгар, поляк, венгр, чех, парсы және тағы басқа тілдерге аударылған. Ақынның бұл жыр жинағы да көпшілік оқырманға арналған.