Құлаған үйдің құпиясы Телеуова 3

Жас өспірімдерге арналған бұл шытырман оқиғаға толы шығарма қала балаларының өмірін суреттейді. Сегізінші сыныптың оқушылары қысқы, жазғы демалыста жүріп, түрлі оқиғалардың куәсі болады. Бірінші — « Ит жоғалған күн » оқиғасы. Итін жоғалтқан Кәрім мен достары жоқ іздеп жүріп, құлаған үйдің жертөлесіне біреулердің кіріп-шығып жүргенін көріп, сол есікке бақылау орнатады. Құлаған үйдің жертөлесіне қоныс тепкен діни секта мүшелері діни рәсімдерін өткізу үшін қамауда тұтқын ұстайды. Жертөлеге түскен Кәрім оның үстінен шығып, құтқару әрекеттерін жасайды. Жергілікті полицияның көмегімен тыңшылар өзге діни ағымның іс-әрекеттерін әшкерелейді. Бұл шытырман оқиғалардың басты кейіпкерлері — Кәрім, Бану, Аян, Айбектің өзара достығы,үлкендерге мейірімділігі, кішіге ізеттілігі, айналада болып жатқан оқиғаларға сергектігі қазіргі жас жеткін- шектерді адамгершілікке, достыққа, қоғамдағы түріл қылмыс көрініс- теріне немқұрайлы қарай алмауға үйретеді.