Данияр Сүлейменов Ең бақытты әйел

Кітап әлемдегі нәзікте ең сұлу жаратылыс – әйел адамның бақытына арналады. Кітапта автор аят-хадистер мен әр дәуірдегі ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып, әйел кісіге өз өмірі мен отбасылық өмірін бақытты етудің жолдарын ұсынады. Әйел бақыты, салиқалы әйелдің саналы ғұмыры – толыққанды қоғамның кепілі екенін кеңінен талқылап өтеді. Әйел мен ер адам арасындағы психологиялық айырмашылық пен өзара түсініспеушіліктің алдын алу жолдарын жан-жақты қарастырады. Отбасын бақытты етудің қыр-сырын баяндайды, әйгілі тұлғалардың өмірінен өнегелер келтіреді. Әйел кісіге фәни өмірдің ғана емес, ақиреттің де бақытына жету жолдарын ұсынады. Кітап барша оқырман қауымға арналған!