Елмұрат Ораз Ұлы Дала Хандары

Автордың бұл туындысына қазақ тарихында өшпес із қалдырған хандар мұрасы арқау болған. Кітапқа 1465-1847 жылдар аралығында өмір сүрген Қазақ Ордасының 30 ханы енген. Автор әр ханға жеке тоқталып, олардың өнегелі өмірін әңгімелейді. Отыз ханды қамтыған осынау шығарма ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне тарту етілген. Проза жанрында жазылған кітап жалпы оқырман қауымға арналады.