Игликов Қаржы директорына кеңес

Бүгінде білім жүйесінде қаржы директоры деген біліктілік жоқ, сондықтан бұл біліктілікті қаржы менеджерлері өзінің өмірлік тәжірибесі арқылы дамытып келеді. Кітапта компаниядағы қаржыға жауапты адам, яғни қаржы директоры қандай дағдыларды меңгеру керектігі сипатталады. Автор неліктен қаржы директоры әлі де толықтай мәні ашылмаған лауазым иесі екендігіне жауап беруге тырысады. Сондай-ақ тәжірибесіндегі жағдаяттарды әңгімелеп, өз ойымен бөліседі, ең бастысы, қаржы директорының психотипін ашып береді. Бас директор мен қаржы директоры арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ жауапкершілік аймағы мен тиімді командаларды құру тәсілдері туралы мәселелер сөз етіледі. Бұл кітап жас және қазіргі қаржы директорлары үшін де бірдей пайдалы. Ал бас директордың қолына түссе, тіпті қатып кетер еді.