Марк Мэнсон Бәріне қолыңды бір сілте

Қазіргі қоғам табысты болуды насихаттайды. Табысқа жетуге барлық мүмкіндік те жасалған. Өміріңе маңызды өзгеріс әкелгің келсе, қол қусырып қарап отырмай, әрекет етуің керек. Ол үшін кез келген істі өзіңе мотивация беру үшін қолдан. Танымал америкалық блогер, журналист, жазушы Марк Мэнсон өзінің бұл еңбегінде әр адамның өзін-өзі дамытып, өмірін жеңілдетуі үшін ерекше кеңес ұсынады. Оның өмірлік философиясы қарапайым — бәріне қолыңды бір сілте! Сондықтан мұнда қалай қайғыны — қаруға, жарақатты — күшке, ал проблеманы… біршама күрделі мәселеге айналдыруға болатыны көрсетілген. Бір сөзбен айтқанда, мазасыздық, уайымшылдықпен күресудің нұсқаулығы іспетті. Өйткені ауыр бейнетіңе қарамастан жеңіл өмір сүруге, қорқынышыңды жеңіп, еркін болуға, сонымен бірге жүрегіңді сыздатқан мұң-шерің азапқа салса да, күліп жүруге үйретеді. Бұл кітап белгілі бір жетістікке қалай жетуді мақсат тұтпайды, керісінше, қолдағы барыңнан айырылып, ескі-құсқымен қоштасудың жаңа өмірге жол бастайтыны жайында.