Оралхан Бөкей «Мұзтау»

Оралхан Бөкей өр Алтайдың тамылжыған тұмса табиғатын, ерліктің үлгісін көрсетіп жүрген адамдарын, олардың қилы тағдырын өзінің үлкенді- кішілі шығармаларына өзек етті. Қандай әңгімесін қолыңызға алмасаңыз да, оның әр парағынан ауыл иісі, ауыл тұрмысы аңқып тұрады. Жазушы-ның әңгімелері өмірді сүюге, табиғат әдемілігін көре білуге үйретеді. Әр шығармасының түбінде терең түйін, астарлы ой бұғып жататын-дықтан, оны бірден түсіну қиын. Алайда арманшыл, қиялшыл болғанымен, ойшыл, мұңшыл, жан дүниелері сағыныш пен ынтығуға, күрсініс пен өкінішке, шексіз ынтызарлық пен құпияға толы кейіпкерлері ә дегеннен қызықтырып әкетеді. Кітапқа жазушының шоқтығы биік шығармалары — «Мұзтау» және «Қар қызы» хикаяттары еніп отыр.