Тәттігүл Картаева «Сыр-Арал этнографиясы»

 

«Сыр-Арал этнографиясы» атты зерттеу еңбегінде ХІХ ғасыр-Х ғасырдың басындағы Сырдария өзенінің төменгі ағысы бойы, Арал теңізінің шығыс, солтүстік-шығыс жағалауы қазақтарының дәстүрлі этнографиясы, өңірдегі қазақ ауылдарының дәстүрлі келбеті сипат­талған. Сыр-Арал өңірі қазақтарының ру-тайпалық құрамы, тарихи дәуірлерде орын алған көші-қон ағымдары, дәстүрлі шаруашылығы, мерзімдік қонысқа көші-қоны, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптағы аймақтық ерекшелігі кешенді түрде қарастырылған.