«Тағдыр тағылымы» Өзбекәлі Ж.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф, өнер зерттеуші ғалым Өзбекәлі Жәнібекті елімізде білмейтіндер кемде-кем. Ол — ұрпақ тәрбиесін жақсартуға, ұлттық мәдениетті дамыту ісіне, халқымыздың дәстүрлі өнерін дүн-дүниеге танытуға өзіндік үлесін қосқан адам. Республика жастарын игі істерге бастаған ұзақ жылдар, кеңес қызметінде жүріп бастан кешкендер, тарихи және мәдени ескерткіштерді мемлекеттік есепке алу, қорғау, қайта ұқсату және пайдаланудағы бесенелі бейнет, сол сияқты әділет пен келешек қамы үшін күрескен кешегі дүрбелең дәуір автор қаламынан шыққан ізгі шежіредей, бір сөзін аттап кете алмайсыз. Кітаптың бағамды бай тілі, тартымды өткір желісі, алуан өткелдер, тағдыр тағылымы сізді алысқа жетелей береді, жетелей береді. Жоғары мақсат-мүдделердің даңғылымен құшақ жайып қауышасыз.
