«Қасіретті күндер» дөңгелек үстел өтті

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының оқушыларының қатысуымен Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қасіретті күндер» тақырыбында дәңгелек үсел өткізді.
Іс-шара барысында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске ала отырып, ХХ ғасырда халқымыздың басынан өткен қасіретті оқиғалардың түп-тамыры мен себептері туралы толық қамтылды. Шараға, М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университеті, Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Тарих және география» кафедрасының тарих магистрі, аға оқытушы Көбесова Ақнұр Смайылқызы- «Саяси қуғын-сүргін саясатының құрбаны болған ұлт дарабозы – Иманжүсіп Құтпанұлы», Мемлекттік Жамбыл облыстық архивисі Әділбек Баққараұлы- «Жамбыл облысы бойынша 1928 жылы орын алған тәлкілеу», Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы директорының орынбасары- Дүкенбаева Зарина Серікқызы- «Қазақстандағы саяси лагерлер» тақырыптарында және Мемлекеттік Тараз қалалық архивінің директоры, Жамбыл облыстық «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі» мемлекеттік комиссия мүшесі Серікбаев Нұрхат Тірібосынұлы, ақтау комиссия жұмыстары туралы толық мәлімет жасады.
Сондай-ақ, атаулы күнге арналған арнайы бейнеролик көрсетіліп, «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.