«ҚАЗАҚ ӘУЕНІНІҢ АҚИЫҒЫ» АТТЫ АҚПАРАТТЫҚ САҒАТ ӨТТІ

🔷Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы зағип оқырмандарға қазақ классикалық музыкасының алып бәйтерегі, сырлы саз, сиқырлы әуен арқылы туған халқын әлем жұртына танытқан, Қазақстанның музыка мәдениетінің негізін қалаушы Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына орай «Қазақ әуенінің ақиығы» атты ақпараттық сағатын «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелерімен өткізді.

🔷️Ақпараттық сағат барысында композитордың музыка өнерінде өзіндік мол мұралары кеңінен насихатталып, әлемдік деңгейде ойнаған күйлері, әндері жайлы тереңінен айтылып, «Жәдігер» атты бейнеролик көрсетілді.

🔷️Іс-шара соңында «Музыка бәйтерегі – Мұқан Төлебаев» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, өзара пікір алмасып, кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді.