«ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ» ЖОБАСЫ

🔷 Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхананың мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмсақ дәрілер туралы кеңінен мағлұмат бере отырып, «Үй тапсырмасы» жобасы аясында ұйымдастырылған фармакология пәні бойынша берілген үй тапсымасын орындау мақсатында «Жұмсақ дәрілік түрі» атты тақырыпта үй тапсырмасы өткізілді.

🔷Сабақ барысында І топ көз мүгедегі, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 1 курс білімгері Адепхан Жандос Қанлыбайұлына үй тапсырмасы бойынша жақпа майлар сипаттамасы, жіктелуі, майлардың технологиялық ерекшеліктері мен сапасын талдау туралы мәліметтер жайлы түсіндіріліп, дауыстап оқу жүргізілді. Сондай-ақ, үйге берілген тапсырмалармен қатар, қосымша пайдалы ақпараттарды басқа да әдебиеттерден іздеп, қарауға баулып, қосымша тапсырмаларды орындатып, білімгердің ойымен пікір алмасты.

🔷Шара соңында басқада қосымша интернет желісінен ақпарат алуға кеңестерді айтып, өз бетінше үй тапсырмаларын орындауға көмек берілді. Сонымен қатар, арнайы кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдіріп, өз үй тапсырымасының жеңілдегенін айтып қуанды.