ҰЛТ ШЫРАҚШЫСЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «BOOK FM» жобасы аясында «JAMBYL» радиосында өлкеміздің жазушылары мен өнерлі тұлғаларын танып-білуге және жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Ұлт шырақшысы» тақырыбымен «Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы» ғылыми қызметкері Фарида Метеркуловамен сұхбат жүргізілді.
Сұхбат барысында мекеменің қысқаша тарихы, және Шерхантану бөлімінің жұмыстары мен қатар, зерттеу еңбектері, Шер-ағаның қайраткерлік, жазушылық болмысы төңірегінде кеңінен әңгіме өрбіді. Қилы заманның қиындығын көрсе де, жалған атақ пен жағымпаздыққа бой алдырмаған шерлі жазушының шығармалары «Ай мен Айша», «Қызыл жебе» «Бір кем дүние» сынды кітаптарына да бір сәт шолу жасалды.
Әсерлі әңгіме, қызықты дерек, мұның бәрі «JAMBYL» радиосында.
Толығырақ «JAMBYL» радиосы 5 мамыр сағат 16.00 де 100,8 FM толқынынан тыңдай аласыздар.