«ҒЫЛЫМҒА ҚҰШТАР-ҒАЛЫМ» К.И. СКРЯБИН МУЗЕЙ-ҮЙІНДЕ ТИФЛО-МУЗЕЙ БҰРЫШЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музей үйіне қарасты К.И. Скрябиннің музей-үйінде «Тифло-музей» жобасы аясында «Ғылымға құштар-ғалым» тақырыбында №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатымен Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназия оқушыларына арналған экспозициялық бұрыш ашылды.
Мүмкіндігі шектеулі зағип оқушылар заманауи үлгідегі QR–код қойылған тарихи жәдігерлерді смартфонға кодын енгізу арқылы қол ұшымен сипап, құлақпен есту арқылы тарихи-жәдігерлердің тарихын танысуға мүмкіндік алып, сондай-ақ музей экспозициясына еркін қол жеткізуге жағдай жасалып, 21 QR-код қойылған жәдігерлер таныстырылып, зағип балалардың ғалымның түрлі туындылары мен энциклопедиялары, қолжазбалары мен мөрлері, төсбелгісі, шыны колба паразиттері, альбомдары, лабороториялық жұмыстары толығымен таныстырылып, балалардың қолдарына ұстап-сипап, сезінуге мүмкіндік берілді.
Сондай-ақ аталған көрмені №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының директорының орынбасары Мамасерікова Әсел Тоқтағұлқызы, Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз керетін азаматтар кітапханасының директорының орынбасары Күзенова Толқын Тәжітөреқызы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының биологы Жүсіпбекова Жанар Дүйсеханқызы тифло экспозицияны салтанатты түрде ашып, оқушылар өз кезегінде алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, сондай-ақ музей экскурсоводы қысқаша саяхат жасады.