«ҚАНЫШ СӘТПАЕВ- ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ»

11 сәуір көрнекті геолог-ғалым, геология- минералогия ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері, қазақтың маңдайына біткен таптырмас тарланы Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.Б.Жүрсінбаевпен және аталған оқу орнының «Білім берудегі тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі А.З.Исаевпен, Тараз қалалық С.Нұрмағамбетов атындағы 10 мектептің қазақ-тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі М.М.Абитовамен бірлесе отырып «Қаныш Сәтпаев- Ұлт мақтанышы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Отырыс барысында оқырмандарды геология ғылымының негізін қалаушы, Қ.Сәтпаевтың кейінгі ұрпаққа қалдырған ғылыми мұрасымен таныстырып, сондай ұлт жанашыры, патриоты болуға шақырды. Оқырмандарда белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды.