“ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАЙЫҚ” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Қауіпсіздікті сақтайық» жобасы аясындағы «Көшеде жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережелері» атты практикалық сабақ №2 “Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушыларымен өткізілді.
Сабақ барысында Тараз қалалық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің юнальнық-полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Арысбаев Абзал Қапалұлы мен Тараз қалалық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің юнальнық-полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Байымбетова Меруерт Базарбекқызы қонақта болып, балаларға көшеде қалай жүру керектігін, жолда жүру тәртәбі мен ережелерінің маңыздылығын, бағдаршамның түстері нені білдіретінін айтып, практикалық тұрғыда көрсетіп, түсіндірді. Сонымен қатар, «Жолда жүру ережесі» атты бейнеролик көрсетілді.
Сабақ соңында «Көшеде жүру тәртібін кім басқарады!» атты сұрақтар қойылып, кері тұщымды жауап алып, белсенділік танытты. Сондай-ақ кітапханашы полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, алдағы уақытта жұмыстарына сәттілік тіледі. Ал, оқырмандарға жолда сақ болып, көше тәртібін естерінен шығармауын ескертті.