“ҚАЗАҚТЫҢ ҮШ БӘЙТЕРЕГІ” АТТЫ АУЫЗША ЖУРНАЛ ӨТТІ

      Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин туылғанына 130 жыл толуына орай Төле би атындағы №8 гимназия оқушыларының қатысуымен «Қазақтың үш бәйтерегі» атты ауызша журнал өтті.
      Іс-шараның мақсаты қазақ руханиятының үш бәйтерегі атанған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің әдеби мұрасын рухани жаңғыру және көпшілікке насихаттау, ұлағатты адамдардың өмірімен шығармашылық жолын оқушыларға ұғындыру, азаматтық тұлғасын таныту. ауызша сөйлеу маторикасын дамыту.
Журнал парақтарында қазақтың қайталанбас алыптары Ілияс, Сәкен, Бейімбет сынды ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығынан ақпарат беріліп, қызықты дәйектер келтірілді. Шығармашылықтарын қатар бастап, дүниеден де бір мезгілде өткендігі жайлы айтып өтіп, «Ерте өшкен үш шырақ» тақырыбындағы бейнебаян көрсетілді.