«ҚОЛӨНЕР-СЫРЛЫ ӨНЕР!» ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану» музейіне қарасты көркемсурет галереясында «Тифло-музей» жобасы аясында Қазақ хандығының 560 жылдығына орай «Қолөнер-сырлы өнер!» шеберлік сағаты өтті.

Шеберлік дәрісті «Алянс Хас шебері» мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестігінің қолөнершісі Даулбаева Асель Рамалқызы «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелеріне өткізді.

Шеберлік сағат барысында зағип оқырмандарға боялған түрлі-түсті жібек жүндер арқылы шәйнек астына қойылатын төсенішін қалай жасау жолдарын үйретті, қазақтың ұлттық оюлы төсенішті жасай отырып, шеберлік сағаты көрсетілді. Сондай-ақ қолөнерші ұлттық өнерде кеңінен танылған сәнді әмиян сынды ұлттық бұйымдарын жасау жолдары көрсетіп, оқырмандар арасында өзара пікірлесіп отырды.