«ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ» ЖОБАСЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Жамбыл жоғары медициналық колледжінің көру қабілеті нашар білімгерлеріне «Үй тапсырмасы» жобасы аясында «Жұлын жүйкелері» тақырыбында сабақ өтті.
Жоба барысында білімгерлерге жұлын жүйкесінің құрылысын қарапайым тілмен түсіндіре отырып,адам денесінің әр нүктесіне массаж жасау тәсілі көрсетілді. Бұл әдіс арқылы олар жұлын жүйкелерінің қызметін өз денесі арқылы сезініп, оның ағзадағы маңызын терең ұғынып, жүйкенің адам ағзасындағы рөлін, яғни қозғалыс пен сезім мүшелерін байланыстырудағы маңызын тәжірибе жүзінде ұғынды.