ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ АҚЫНМЕН СҰХБАТ ӨТТІ

Отбасында әке мен бала арасындағы қарым қатынасты нығайту ұлттық салт — дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін насихаттау мақсатында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Әкелер күніне орай айтыскер,ақын, ҚР мәдениет саласының үздігі Ербол Даулетұлы Қамбатыровпен сыр-сұхбат жүргізілді.
Сұхбат барысында қоғам жастарының қазіргі тәрбиесімен қатар байырғы тәрбиенің маңызы турасында және ақын өзі қандай әке екендігі турасында сыр шертті.
Сонымен қатар айтыскердің баласы Жасұлан өзінің әкесінің отбасында мінезінің өте мейірімді ақкөңіл екендігін айтып, әкелер күнімен барша қазақстандықтарды құттықтады.
Толық нұсқасын көру үшін сілтемеге өтіңіз