”ӘРБІР ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ ОҚУҒА ТИІС 3 КІТАП”
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының «BOOK FM» жобасы бойынша «Әулиеата – кітап оқитын өңір» акциясы аясында кітапхана қызметкері, жергілікті балалар кітабының аудармашысы Сайлаухан Меруертпен «JAMBYL» радиосында «Әрбір қазақ әйелі оқуға тиіс 3 кітап» атты ашық сұхбат өткізілді.
Сұхбат барысында өзі оқыған әдеби шығармалар желісімен бөлісіп, қазақ қыздарына тағлымдық тәрбие берер Зейнеп Ахметованың «Бабалар аманаты» атты кітабы қазақ қыздарының төлқұжаты болу керек, деген ойын білдірді. Сонымен қатар, радио тыңдармандарын бос уақыттарын тиімді пайдалана отырып, «KITAP TIME» оқырман клубының белсенді мүшесі болуға шақырды.