20 ақпан күні Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ұйымдастыруымен «Кітапхана жүйесіндегі цифрлық трансформация: Қазақстан кітапханаларының Smart технологиясы» атты семинар-тренингтің екінші күні өз жалғасын тапты.

Аталған іс-шараға Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының қызметкерлері онлайн форматта қатысты.
Екінші күні Ұлттық кітапхананың директоры Ғазиза Құдайбергенқызы модераторлық етті.
Академиялық кітапхана директорының Ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нурия Аманғалиқызы кітапхана ісіндегі Web-автоматтандырудың онжылдық даму тәжірибесімен бөлісіп, «Электронды каталог» және «ҚОКК» негізгі модульдері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар, ISBN, ISSN, ISMN жүйелері арқылы кітаптарды сауда желілерінде және кітапханаларда автоматты түрде іздеу, есепке алу және идентификациялау тетіктері, электрондық құжаттарды тіркеу мен сақтау, библиографиялық көрсеткіштер мәселелері бойынша тәжірибе алмасу өтті.
Қатысқан адам саны – 3 адам.