ЗАҒИП ОҚУШЫЛАРҒА ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Халықаралық «Ақ таяқ» апталығы аясында «Жандүние үйлесімі » атты тақырыпта №2 «Болашақ» аранайы мектеп-интернаты оқушыларына Физика-математика бағытындағы Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің «Art Lab» үйірмесінің жетекшісі Индира Губашева шәкірттерімен қыш бұйымдарынан көрме және шеберлік сағатын өткізіп мүмкіндігі шектеулі балалармен тәжірибе алмасты.
Шара барысында оқушылар өз қолдарымен құмыралар және түрлі мүсіндер жасап өздерінің қолөнерге деген сүйіспеншілігін көрсетіп, арманның шындыққа ұласқанын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Сонымен қатар, кітапхана қызметкері қыш бұйымдарын дәріптейтін кітап көрмесін ұйымдастырып, таныстыру жұмыстарын жүргізді