АЛАШ ТУЫ АСТЫНДА, КҮН СӨНГЕНШЕ СӨНБЕЙМІЗ!

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Алаш қозғалысына 105 жыл толуына орай оқырмандарға зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларын насихаттау, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!» атты Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік Университетінің білімгерлері мен оқытушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930 — 1938 жылдардың ауыр да азапты кезең болғандығы, Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды арыс азаматтардың сұрқия саясаттың құрбандары болғандығы кеңінен насихатталды. Сонымен қатар қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтары, елі жері үшін жанын құрбан болған Алаш зиялылыларының өмір жолынан баяндамалар оқылды.