АҚ ТАЯҚ МЕНІҢ ӨМІРІМДЕ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы зағип оқырмандарға Халықаралық «Ақ таяқ» күні туралы мәлімет бере отырып, зағип адамдарды мемлекеттік істерге араласуға ынталандыру және көзі көрмейтін жандарды ақ таяқтың жақсылыққа жетелеудің бір мүмкіндігі жайында кеңінен насихаттау мақсатында «Ақ таяқ менің өмірімде» атты кездесу кеші өтті.
Кездесу кешіне І топ көз мүгедектері Мамбетбаев Тұрар, Жалпанова Ельмира, Есимов Ғалымжан қонақ болып, өз өмірлері жайлы, тағдырдың жазуымен ақ таяқ ұстауға мәжбүр болуы, соған мойынсұну кезеңі жайында, дағдарыстан шығуына не көмектескені жайында әңгіме жүріп, «Қазақ соқырлар қоғамына» жаңадан тіркелген зағиптарға қоғамға қалай бейімделу керек екендігі жайында кеңес беріп, тәжірбиелерімен бөлісті. Кеш соңында қонақтарға сыйлық табысталды.