АҚ ТАЯҚ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы 15 қазан – Халықаралық Ақ таяқ күніне орай зағип оқырмандарға «Ақ таяқ»атты ақпараттық сағат өткізілді.
Іс шараның мақсаты: Зағип және әлсіз көретін азаматтарды қоғамға белсене бейімдеу және оңалту ; зағип оқырмандарға Дүние жүзілік «Ақ таяқ» күні туралы,оның тарихы туралы,оның маңыздылығы туралы толығырақ мәлімет беру; Зағип адамдарды қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезіну және көзі көрмейтін жандарға ақ таяқтың жақсылыққа жетелейтін мүмкіндігі жайында кеңінен насихаттау; Жаңа оқырмандарды кітапханаға тарту.
Іс –шара «Қазақ соқырлар қоғамының» мүшелері және тұрақты оқырмандары қатысуымен өтті . Ақпараттық сағаты барысында «Ақ таяқ» тарихының шығуы туралы мәлімет беріліп, бине сюжет көрсетілді.Іс шара соңында, оқырмандар Ақпараттық сағатта көп мәлімет алғанын айтып, алғыстарын білдірді,және мемлекет тарапынан берілетін «Ақ таяқтың сапасы төмен екенін ,Ақ таяқты тифлотехникалық құрал ретінде берілген мерзімге жетпей істен шығу туралы ,осындай тифлотехникалық құралдарды (лазерлік,жаңа инновациялық технологиялармен жабдықталған) қарастырулары туралы ұсыныс білдірді.