АРНАЙЫ КІТАПХАНА “ШАҢЫРАҚ КҮНІН” ТОЙЛАДЫ

«Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген халқымыз ежелден әрбір ісін батасыз бастамайтын. Баталардың ішінде Наурыз батасының орны ерекше. Бұл күні жастар таң шапағын күтіп, сол кезеңде ауыл ақсақалдарының, ақылгөй басшылардың батасын алуға асыққан. Наурызда жастар ақсақалдардан, беделді кісіден «Наурыз-батасын беріңіз» деп бата сұрайды.
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы 17 наурыз – Шаңырақ күніне орай Ақсақалдар «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» деп елге, жерге және жастарға «Наурыз бата» берді.