Арнайы кітапхана «Театр және инклюзия» жобасы аясында театр фестивальіне қатысты

Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығының ұйымдастыруымен Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның әдеби мұраларын насихаттау, тану бағытында «Шыңдағы шынар-Шерхан Мұртаза» атты драма үйірмелері фестивальінде Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Инклюзия және театр» жобасы аясында қатысып, өнер көрсетті.
Аталған жобаға №2 «Болашақ» мектеп-интернатының балалары қамтылып, Шерхан Мұртазаның «Интернат наны» атты әңгімесін сахналап, көрермен назарына ұсынды. Нәтижесінде үздік қойылым ретінде танылып «Қызыл жебе» номенациясымен, және Баубек Шархат «Үздік басты роль» атты Дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, жоба жетекшісі: Гүлзада Қырықбаева қойылым дайындауда біліктілік танытып, жоғарғы деңгейдегі өнер көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталып, бағалы сыйлықты иеленді.