«БАЛАЛАРДАН БАЛАЛАРҒА» ЖОБАСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «БАЛАЛАРДАН БАЛАЛАРҒА» жобасы аясында көз мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу мүмкіндіктерін кеңейту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және аудиожазба арқылы рухани қолдау көрсету мақсатында жергілікті ақын, жазушы педагогика ғылымдарының докторы, Әдібай Табылдиевтың 100 жасқа толуына орай  ақынның өлеңдері аудио кітап ретінде дыбысталды.

№63 мектебінің 3-7 сынып оқушылары  І. Жұмабай, А.Төрехан, К.Ғалым, А.Жанат, Н. Жұмағали Ә. Табылдиевтың өлеңдерін аудиостудияда оқып, дыбыстандырылған әдебиеттер «Болашақ» мектеп интернатына жолданады.