«БАЛАЛЫҚТЫҢ БАҚЫТТЫ ӘЛЕМІ» ОЙЫН-САУЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ.
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы көру қабілеті нашар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, достық қарым-қатынасты нығайту және қуанышты сәттер сыйлау мақсатында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалықтың бақытты әлемі» атты қысқа мерзімді жазғы сауықтыру лагері №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушыларымен «Ritm Dey» ойын-сауық орталығында өтті. Лагерь барысында балалар әр түрлі қызықты ойындарға қатысып, көңілді эстафеталар мен танымдық сайыстарда өз өнерлерін көрсетті. Шара соңында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, тәтті тағамдар берілді. «Балалықтың бақытты әлемі» лагері балаларға жарқын эмоция мен ұмытылмас сәттер сыйлаған ерекше мерекеге айналды.

