БАР МЕЙІРІМ БАЛАЛАРҒА!

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты К.И.Скрябиннің музей-үйінде «Тифломузей» жобасы аясында «Бар мейірім балаларға!» атты тақырыпта №2 арнаулы «Болашақ» мектеп-интернаты оқушыларына ғалым-академик К.И.Скрябиннің өмірі мен қызметі, жеке заттары, кітаптары, құжаттары мен жұмыс кабинетімен таныстырылды.
Ғалым, академик, гельментолог К.И.Скрябин «гельминттердің морфология, биология, филогения, жүйеленім, экология, эпизоотология және эпидемиялогиясын зерттеген. Ол 200-ден астам ғылымға беймәлім жаңа түрін ашып, оларға сипаттама берген. Гильментологиялық толық зерттеу әдісін ұсынып, ғылымға гельменттердің резервуалды қосымша иелері туралы ұғым енгізді». Оқушылар осындай қызықты ақпараттармен танысып, көтеріңкі көңіл күйде болды.
Экскурсия соңында түрлі туындылары мен энциклопедиялары көрсетіліп, ғалымның өміріне қатысты фотосуреттері мен мөрлері түрлі еңбектерінің түпнұсқаларын оқушылар қолмен ұстап сезінуге мүмкіндік алып, іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, лабороторялық жұмыстары толықтай түсіндіріліп, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасаумен аяқталды.