БАСҚАРМА БАСШЫСЫ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының оқырмандары мен қызметкерлері республикалық деңгейдегі түрлі байқауларға қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізген болатын.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай жеңімпаз оқырмандар мен кітапхана қызметкерлерін қабылдап, марапаттарын табыс етті.