”БІЛІМ КӨЗІ-КІТАПТА” СҰХБАТ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «BOOK FM» жобасы аясында кітап оқу дәстүрін жаңғырту мақсатында «JAMBYL» радиосында айтыс ақындары мен жыршы-термешілер орталығығының директоры, айтыскер Ахметжан Өзбековпен «Білім көзі — кітапта» тақырыбында сұхбат жүргізілді.

Кітап – көне заманнан келе жатқан кемел білімнің бұлағы. Осыған орай филолог, айтыскер қазіргі озық технологиялар заманында кітап оқу қаншалықты өзекті, және айтыс өнеріндегі кітаптың маңыздылығы турасында пікір алмасты.

Сонымен қатар, әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де – кітап, екенін баса айтты.