«БІРГЕ ДАУЫСТАП ОҚИМЫЗ!»

✅ 1 ақпан — Дүниежүзілік дауыстап оқу күніне орай арнайы кітапхана «Шеңберде отырып дауыстап кітап оқиық» тақырыбында дауыстап оқу сағатын өткізді.
✅ Аталған іс –шара Жамбыл облыстық «Қазақ соқырлар қоғамында» ұйымдастырылды. Кітапхана қызметкерлері зағип жандарға танымал жазушылардың шығармалары мен өлең-жырларын нақышына келтіре оқып берді.
✅ Сонымен қатар, Зағиптар және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана күніге бір рет танымал жазушылардың шығармаларын дауыстап оқып, әлеуметтік желідегі WhatsApp жүйесі арқылы арнайы оқырмандар тобына жүктеп отырады. Оқырмандар сматртфон арқылы чатта өз ойларымен бөлісіп, шығарма мен автор туралы ақпаратпен алмасады.