«Болашақтың инклюзивті кітапханасы: кітапхана қызметін көрсетудің инновациялық жолдары»
«Болашақтың инклюзивті кітапханасы: кітапхана қызметін көрсетудің инновациялық жолдары» тақырыбында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы облыстық семинар өткізіп, аталған шарада аудандық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы бөлімдерінің қызметкерлері қатысып, инклюзивті білім берудегі зағиптарға арналған арнайы кітапханалардың рөлі және жасанды интелект бағытында «MS Speech Bot» бағдарламасымен жұмыс жасаудың жолдарымен танысты.
Сонымен қатар «Өрлеу» БАҰО-ның қызметкерлері А.Абилова, И.Грицинина «Ресурстық кітапханашы: құндылықтар мен нейропсихологиялық жаттығулар арқылы эмоционалды шаршаумен жұмыс” тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді.

