«ЦИРК ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының спорт залында К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Балауса» циркінің ұжымымен бірге «Цирк әлеміне саяхат» атты балаларға базарлық кеш өткізді.
Іс-шарада К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Балауса» циркінің ұжымы және көркемдік жетекшісі, мәдениет саласының үздігі Альчикенов Талғат Жорабекұлы «Цирк актерына 100 сұрақ» айдарына қатысып, оқушылар тарапынан қойылған қызықты сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, үздік деп танылған 2 сұрақты анықтап арнайы сыйлығын табыстады. Сонымен қатар, клоундар балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, сиқыршылар фокустар көрсетсе, бишілер питондармен өнерін ұсынды.
Мерекелік кеш соңында арнайы кітапхана ұжымы жыл бойы белсене қатысқан оқушыларды алғыс хатпен марапаттап, озық білім мен толағай табыстар тіледі.