ДАҢҚ ЗАЛЫ МУЗЕЙІНДЕ «ЕРЛІК ҰРПАҚҚА МҰРА» ТАҚЫРЫБЫНДА «ТИФЛОМУЗЕЙ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЗАҒИП ЖАНДАР ҮШІН ТҰРАҚТЫ ЭКСПОЗИЦИЯЛЫҚ БҰРЫШ АШЫЛДЫ
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ» залында «Тифло-музей» жобасы аясында 7 мамыр –Отан қорғаушылар күніне орай «Ерлік ұрпаққа мұра» тақырыбында «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін» танымдық бұрышының ашылу салтанаты «Қазақ зағиптар қоғамы» мүшелерімен және №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушыларымен өтті.
Шара барысында «Тифло-музей» жобасы аясында «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін» атты тұрақты танымдық бұрыш ашылды. Экспозицияда заманауи үлгідегі QR-код арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға дыбыстық ақпарат алу мүмкіндігі қарастырылып, смартфонға жәдігердің кодын енгізу арқылы орта ғасырлық тарихқа саяхат жасауға жол ашылды.
Сондай-ақ, зағип оқырмандарға арнайы 20 экспонаттар көрмеге жасақталып, соғыс уақытында жауынгерлердің қолданған байланыс құралдары, медициналық құрал-жабдықтары, майдан кезіндегі винтовка, компас, әскери планшет, тәрелкалар, ауыз суға арналған фляшкалар т.б қолданған заттарымен таныстырылып, тың мәліметтерді тыңдады.
Майдан даласындағы аттанған ардагерлеріміздің ерліктері таныстырылып, жерлес батырларымыз бен бейбіт күннің қаһармандары жайлы көптеген ақпараттар айтылып, экскурсия жасалып, зағип оқырмандар мен оқушылар жәдігерлерді қол ұшымен ұстап, ерекше сезінуге мүмкіндік алып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

