«Ерекше балаларға-ерекше кітап» қоры құнды қолөнер туындысымен толықты.

Ақтөбе облысының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Саусақ ұшындағы инклюзия» атты байқауының жеңімпазы Қазақстан суретшілер одағы, Жамбыл облыстық қөлөнер шеберлері одағының мүшесі Аманқосов Қазым Бисенұлы кітапхана оқырмандарына «Пырақ» атты гипстен жасалған бедерлі суреті мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның халық жазушысы, қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның мүсінін сыйға тартты.