«Халық батыры Рақымжан Қошқарбаев» атты патриоттық сағат өтті

     Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы зағип оқырмандарға Берлиндегі сұрапыл соғыста Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақтың ержүрек азаматы, «Халық Қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жылдық мерейтойына толуына арналған «Халық батыры Рақымжан Қошқарбаев» атты патриоттық сағат Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелерімен өткізілді.
     Патриоттық сағат барысында батырдың ғұмыры, отбасы, әлемді таңқалдырған ерлігі жайлы сыр шертетін бейнеролик ұсынылып, қазақ батырымен Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың қанды майданда жасаған ерлігі паш етілді.
       Патриоттық сағат соңында «Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне» қарасты «Даңқ» залының экскурсоводы Әскербек Арайлым батыр жайында толықтай мағлұматтар берілді. Сондай-ақ кітапхана қызметкері кітапханаға келіп түскен әдебиеттерден жасақталған «Ерлігі ұрпаққа өнеге» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.