«KENES TIME» ЖОБАСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

 

28 сәуір күні «KENES TIME» жобасының аясында барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі азамттар мен «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелерінің қатысуымен және «Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» өкілдері шақыртылып кездесу ұйымдастырылды.

Жобаның негізгі мақсаты: Кітапхана оқырмандары өздерінің жеке құқықтарын білу, қоғамнан тыс қалмай ілгері жүру, заң талаптарын жіті біліп, құқық мәселесі бойынша білімін жетілдіру болып табылады.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 226-VII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы талқыланып, зағип және мүмкіндігі шекеулі азаматтар сала мамандарынан кеңес алып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтар бойынша тиісті мағлұмат алды. Қатысушылар көңілдерінен шыққан жоба жұмысына сәттілік тіліп, қонақтар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.